ЖКО Орал-Атырау автожолында орын алды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні Ақжайық ауданы аумағында болды, деп жазады Орал апталығы.
«Сағат 22.00-де Орал-Атырау жолы бойында «ГАЗель» мен «Тойота Камри» автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
«Тайпақ ауылының маңындағы Атырау – Орал тас жолында жол апатынан төрт адам көз жұмды. 4 адам жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырған. Олардан бөлек екі адам жарақат алған», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Олардың бірі – шамамен 50 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. 1966 жылы туған екінші адам Тайпақ ауылының ауруханасына жеткізілді. Ол тексеріліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Амбулаториялық ем тағайындалды.