Атырау, 21 қыркүйек 11:43
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

«Атырау облысы Су Арнасы» Атырау тұрғындарының назарын аударды

670 просмотра

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК әкімшілігі Атырау қаласы және қала маңы елді-мекендердегі тұрғындардың назарына күннің ыссылығына байланысты суды тұтыну көлемі туралы ақпаратты ұсынып отыр. 

Соңғы кездері бау-бақшалар мен жасыл желектерді жаппай суару нәтижесінде таңертең және кешке суды максималды тұтыну сағаттарында сумен жабдықтау жүйесіндегі қысымның уақытша төмендеуі орын алып отыр.  Суару маусымында және жылдың басқа мезгіліндегі (күзгі-қысқы кезеңде) су қысымының айырмашылығын өзіңіз байқай аласыз. 

Жалпы, "Атырау облысы Су Арнасы" жыл бойы судың қысымын штаттық режимде қамтамасыз етеді. Яғни, ауыз суды орнымен пайдаланған кезде судың қысымына қатысты ешқандай мәселе болмайды.  

Сумен жабдықтау желісі жасыл желекті суаруға арналмаған, сондықтан суару жұмыстарын сағат 23.00-ден таңертеңгі 06.00-ге дейін белгіленген уақытта жүргізу керек екенін ескерген жөн, Бұл уақытша қолайсыздық тудырмай, ауыз сумен қамту жүйесінің қалыпты жұмысына ықпал етер еді. 

9 шілде, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.