Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен 2 азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы екі іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушылар кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тиісті мөлшерінде алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамаған. Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәларын мойындап, жұмысқа орналасуға және балаларын асырап-бағу үшін алимент төлеуге уәде берді.
ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігінің санкциясында 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. Сот қаулыларымен құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.
Сот қаулылары заңды күшіне енді.