5 шілде күні таңертең Индер ауданы Көктоғай ауылында 2011 жылы туған ер бала суға батып кетті.
ТЖД мамандарының айтуынша оқиға суға шомылуға арналмаған жерде орын алған. Құтқарушылар үш күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, баланың денесін 7 шілде күні таңертең тапты.
Айта кетсек, 2023 жылы 7 ересек адам, оның ішінде 3 бала суға кетіп, қайтыс болды. Ал 2024 жылы 5 адам, оның ішінде 1 бала көз жұмды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА