Атырау, 6 қазан 12:40
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Бакуде Әзірбайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығы ашылды

645 просмотра
Сурет: gov.kz

Utebayev University Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова Баку жоғары мұнай мектебіне барып, Әзірбайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Әзірбайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығының мақсаты – ғылыми зерттеулер мен технологиялық прогресс арқылы тұрақты тәжірибелерді енгізу және қоршаған ортаны сақтауда ынтымақтастық орнату.

- Бұл орталықтың тағы бір артықшылығы – экологиялық мәселелерді шешуге, тұрақты тәжірибелерді енгізуге және студенттер мен жас мамандардың біліктілігін арттыруға көмектеседі. Жастарды осы орталыққа тарта отырып, біз өскелең ұрпақтың тұрақты даму және климаттың өзгеруіне қарсы жұмысты жалғастыруларына қолдау көрсетеміз, - дейді ректор Гүлзада Шакуликова.

Орталық Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеуге, көмірсутек секторындағы көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтудың инновациялық әдістерін әзірлеуге және мұнай-газ саласындағы процестерді оңтайландыру үшін озық цифрлық шешімдер қабылдауға септігін тигізеді. Сондай-ақ студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін ұсына отырып, академиялық ұтқырлықты дамытады.

8 шілде, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.