КРІ компаниясының бас директоры Данияр Тиесов зауыт ұжымына жаңадан тағайындалған басшыларды таныстырды, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Бас инженердің өндіріс жөніндегі орынбасары қызметіне Бақытжан Жұмажанұлы Каналиев, бас инженердің негізгі қорлар жөніндегі орынбасары болып Хиневич Артемий Геннадьевич, өндірісті басқару қызметінің басшысы Даурен Кадиров, бас метрологтың м. а. - бас метролог қызметінің басшысы лауазымына Нұрлыбек Нысанбай, PP өндірісінің басшысы қызметіне Максим Тарасов, Бас механик-бас механик қызметінің басшысы Ардак Кожасов және жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз ету қызметі басшысы болып Ержан Шакенов тағайындалды.
Каналиев Бақытжан — еңбек жолын 2007 жылы "Рауан Nalco"-да 5-разрядты оператор ретінде бастап, 2022 жылға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты ЖШС өндірісті дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2022 осы бүгінге дейін "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС келесі лауазымдарда жұмыс істеді: 2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы қаңтарға дейін-өндіріс департаменті директорының орынбасары; 2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы мамырға дейін-РХГП өндіріс бастығы, 2023 жылғы мамырдан 2024 жылғы маусымға дейін-өндірісті басқару қызметінің басшысы болды.
Артемий Хиневич — еңбек жолын 2010 жылдан бастап ШЧ-2 "РЖД" ААҚ-да 6-разрядты СОБ электромонтері болып бастаған. 2021 жылғы шілдеден 2024 жылдың қаңтарына дейін Запсибтрансгазта бас метрологы болған. 2024 жылдың қаңтарынан бастап "KPI Inc." ЖШС-де бас метролог - бас метролог қызметінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.
Даурен Кадиров — 2013 жылы еңбек жолын "Атырау МӨЗ" ЖШС-де каталитикалық риформинг технологиялық қондырғысының операторы болып бастап, 2018 жылға дейін АМӨЗ-де еңбек еткен. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС түрлі қызметте жұмыс істеді.
Нұрлыбек Нысанбай — 2007 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында бастап, 2018 жылға дейін АМӨЗ-де еңбек еткен. 2018 жылдан бері “Kazakhstan Petrochemical Industries” ЖШС еңбек етеді.
Максим Тарасов — 2007 жылы "КЭММИ" ЖШС-де автоматты жабдықты баптаушы болып бастаған. 2017 жылдың маусымынан 2021 жылдың қазанына дейін "Компания Нефтехим LTD" ЖШС полипропилен түйіршіктеу қондырғысының бастығы болып жұмыс істеді. 2021 жылдың қараша айынан бастап бүгінге дейін "KPI Inc." ЖШС PP өндірісі бастығының орынбасары лауазымында еңбек етті.
Кожасов Ардак — 2008 жылы "KSP-Stell" ЖШС-де Орталық зауыт зертханаларының 4-разрядты физика-механикалық сынау бойынша зертханашы болып бастаған. 2009 жылдың мамырынан 2021 жылға дейін Павлодар мұнай өңдеу зауытында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2021 жылдың қыркүйегінен бері "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС жөндеу жұмыстарын орындау бөлімінің бастығы, 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың маусымына дейін - "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС бас механиктің орынбасары, 2023 жылғы маусымнан 2024 жылғы маусымға дейін - "Silleno" ЖШС механика бойынша үйлестірушісі қызметін атқарған (Бұл интеграцияланған газ-химия кешенінің полиэтилен өндіру кезеңі).
Шакенов Ержан — Еңбек 2007 жылы "ПМӨЗ" ЖШС-де 4-разрядты технологиялық қондырғылардың операторы болып бастаған. Мұнай-газ-химия саласына 17 жыл еңбек өтілі бар.
Сондай-ақ, өндірісті басқару қызметінің сарапшысы болып Досжанов Абзал Серікұлы тағайындалды.
Абзал Досжанов — 2006 жылдан бері мұнай-газ-химия саласында түрлі қызметте жұмыс істеді: "Rompetrol", "ҚазМұнайГаз"ҰК АҚ, “АМӨЗ" ЖШС. Францияның мұнай институтында (IFP School) біліктілігін арттырған.
Бас директор жаңадан тағайындалған өндіріс басшыларына қызметтеріне сәттілік тілеп, кешеннің даму жолындағы тапсырмалары уақытылы әрі сапалы орындалуына күш салуға шақырды.