«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «China National Chemical Engineering Co., Ltd.» (CNCEC) компаниясының аға вице-президенті У Сянгунмен кездесті, деп хабарлайды kmg.kz.
Тараптар мұнай-газ саласында, атап айтқанда мұнай-химия секторында жаңа бірлескен жобаларды іске асыру кезінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Еске сала кетсек, қазіргі уақытта CNCEC компаниясы Атырау облысындағы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) – қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін кешенді технологиялық режимге шығару бойынша кепілдік сүйемелдеуді жүзеге асырады.
А. Хасенов атап өткендей, ҚМГ CNCEC компаниясымен арадағы берік серіктестікті жоғары бағалайды. Оның айтуынша, KPI зауыты – бұл елімізде жаңа мұнай-газ химиясы саласын қалыптастырудың флагманы.
Анықтама:
CNCEC – әлемдегі ең ірі химия-инженерлік компания. Машина жасау, мұнай және көмір химиясы, мұнай өңдеу және басқа да өнеркәсіп салаларында жетекші орынға ие. Қазіргі уақытта компанияның Ресейде, Индонезияда, Малайзияда, БАӘ-де, Сауд Арабиясында, Пәкістанда, Қазақстанда, Түркияда, Мысырда және басқа да 60-тан астам ел мен аймақта 130-дан астам бөлімшесі бар.