Атырау, 24 қараша 02:08
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​«Жасыл ел» жасағы сарбаздарды шақырады

1 297 просмотра

Жылыойда «Жасыл ел» жасағының Құлсарыны қалпына келтіруге қатысып жатқан сарбаздарына қосымша ақы  төленеді. Бұл туралы Атырау облысы ішкі саясат басқармасы басшысы Гүлнұр Сүйеуова мәлімдеді.  

  "Тасқыннан зардап шеккен Құлсары қаласын қалпына келтіру, тазалау, көгалдандыру мақсатында алғаш рет «Жасыл ел» бағдарламасы аясында құрылыс отряды бағыты іске қосылды.

 Құрылыс отрядтарында Жылыойлық жастар еңбек ете алады" деді спикер.

Айта кету керек, бұл жолы «Жасыл ел» жасағының құрылыс отрядында еңбек етіп жүрген жастарға жалақы  жергілікті бюджеттен бөлінеді және Құлсары аумағындағы құрылыс компаниялары төлейді.

Қосымша ақпарат үшін: 8705 557 52 44


5 шілде, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.