Атырау, 7 шілде 05:12
 ашықВ Атырау +34
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

НАТО елдері 2025 жылы Украинаға 40 млрд еуро бөлуге келісті

657 просмотра

НАТО елдері 2025 жылы Украинаға әскери көмек ретінде 40 млрд еуро бөлуге келісті. Бұл туралы Азаттық радиосы Reuters агенттігі екі дипломатқа сүйеніп хабарлағанын айтады.

НАТО елдері мұны келесі аптада Вашингтонда өткелі отырған саммитте бекітуі мүмкін.

Бұған дейін НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг одақтастарынан Киевке әскери көмек беруді соғыс басталғаннан кейінгі деңгейде сақтап қалу бойынша міндеттерді ұзақ жылдар бойы орындауға келісуді сұрады, ол жылына шамамен 40 млрд еуро.

Агенттік сұхбаттасқан дереккөздің айтуынша, НАТО елдері бұл ұсынысты қолдамаған, бірақ алдағы саммиттерде одақтастар жарналарын қайта қарауға келіскен.

Олар келесі жылы Украинаға қай ел не жеткізетінін анықтауға екі есеп дайындауды шешкен. Одақтастар осылай НАТО елдері арасында Киевке көмек көрсету бойынша шығындарды бөлу мәселесінде ашықтықты арттырғысы келеді.

4 шілде, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.