Атырау, 24 қараша 01:34
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы «Керемет» саябағында бәрі бірдей керемет емес

Бейнежазба
1 261 просмотра

2 шілдеде Атырау қаласындағы саябақта жазатайым оқиға орын алып, салдарынан бес бала зардап шекті.

Әлеуметтік желіде тараған видеода саябақтағы аттракциондардың бірі істен шығып, нәтижесінде бес баланың облыстық балалар ауруханасына жатқызылғаны көрсетілген. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, төрт бала медициналық жәрдем алғаннан кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал бір бала ауруханада қалды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 2-бөлігі («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Керемет» саябағының әкімшілігі бұл іске қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

3 шілде, 22:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.