Атырау, 24 қараша 01:19
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Браконьерлерге 19,4 млн теңге айыппұл салынды

1 252 просмотра

Жыл сайын 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында облыста өткізілетін «Бекіре-2024» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 940-тан астам заңбұзушылық фактісі тіркелді. Оның ішінде сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар балық түрлерін аулаған 71 азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, 19,4 млн теңге айыппұл салынды. 

- Акция аясында заңсыз айналымнан 11 тоннадан астам балық, оның арасында 2 тонна 229,5 кг бекіре, 8 кг 328 грамм бекіре балығының уылдырығы тәркіленді. Сондай-ақ көптеген браконьерлік аулау құралдары, оның ішінде 44 бірлік су көлігі, жалпы ұзындығы 300 км-ден асатын 1416 бірлік заңсыз балық аулау құралдары алынды, - деді «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек ГАЙСИН.

Акцияға мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері, ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері, полиция департаментінің көліктік бақылау инспекциясы және резерват қызметкерлері белсенді қатысты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 шілде, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.