Атырау облысында тағы екі түлек ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен кезде жоғары балл жинады.
- “Зияткер” мамандандырылған мектеп-лицейінің түлегі Диляра ҒАНИ және Исатай аудандық білім бөліміне қарасты Өркен орта мектебінің түлегі Дильназ ҚАПСИХҚЫЗЫ Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтиже көрсетіп, 136 балл жинады, - деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА.
Осыған дейін Ұлттық бірыңғай тестілеуден Индер аудандық білім бөліміне қарасты Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің түлегі Диляра ГУБАЙДУЛЛИНА сынақтан сүрінбей өтіп, 136 балл жинаған еді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА