Атырау, 24 қараша 02:00
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сазан бар, ал карпфишинг жоқ

1 130 просмотра
Сурет opee.ru сайтынан алынды

Түркістан облысындағы суы мол Шардара жағасында карпфишинг бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Атырау қаласынан команданы соңғы минутқа дейін күтті, бірақ ақыры ешкім келмеді.

Турнирге Солтүстік Қазақстаннан екі команда, Қызылордадан бір, Абай облысынан бір және Алматы қаласынан 11 команда қатысты.

Спорттық балық аулау бойынша ҚР құрамасының бас бапкері Олег БОРГУЛЬДЫҢ айтуынша, Республикалық федерация облыстың атқарушы органдарына Атыраудан филиал ашу туралы бірнеше рет өтініш білдірген (тек филиал немесе федерация ашылғанда ғана облыс жарыс өткізу құқығын алады және өз спортшыларын қатыстырады – Автор), бірақ нәтиже болмаған.

Бұл осы жаздағы екінші ел чемпионаты. Алдыңғы чемпионат Ақмола облысының Ерейментау ауданында Тойғанкөл көлінің жағасында өткен.

Карпфишинг – Ұлыбританияда пайда болған трофейлік балық аулау түрі. Аңызға сенсеңіз, алғаш қолға үйретілген сазан балығы ескі дүниеде пайда болып, содан кейін ғана бізге әкелінген. Сазандарды Қытайдағы император сарайындағы хауыздарда ұстаған деген нұсқалар да бар. Қалай болғанда да, олар да Жайықта мекендейді.

Біздің әлеуетті спортшылар сазан аулағанды жақсы көреді, олар ел чемпионы болар еді. Алайда, осы уақыт ішінде атақты балық өнеркәсібі орталығында қыстық, жаздық балық аулау бойынша бірде-бір әлем чемпионын баптамады. Ал өз чемпиондарымыз болу үшін қалада ҚР Республикалық спорттық балық аулау федерациясының филиалы құрылуы керек екен.

Ал әзірге атыраулық балықшылардың өз филиалы жоқ. Осы жолғы жарыстың үш жеңімпазы да - алматылық балықшылар. Бірінші турда жеңімпаздар 13 сазан аулаған, олардың көпшілігінде «жолбарыс» реңді қабыршақ болды. Айтпақшы, команда бірден алтын үшін бақ сынайтындарын жариялады: «көгенде» салмағы 8950 грамм болатын үздік «олжа» жүзіп жүрді, ал бірінші турдағы ауланған балықтың жалпы салмағы 66 келі 950 грамм болды. Екінші турда «макси» босаңсыған жоқ - 27 сазан ауланып, олардың ішіндегі ең үздгі - 6875 грамм болды, бұл 2-орынға ұмтылыс еді.

Фавориттерге құрамында Вячеслав Байгужин, Сергей Ефимченко және Антон Родионов бар «Целинник» командасы белсенді қарсылық көрсетті. Бірінші айналымда үшеуі үш балық ұстады. Үздік олжа – 4,5 келі, ал 1-ші турдағы ауланған балықтың жалпы салмағы – 13275 грамм. Екінші турда олар алға шықты: 30 сазан ауланды, трофей 7250 грамм, жалпы салмағы 110950 грамм болды.

Тағы бір қызық ұжым – алматылық «Мастер карп» жастар командасы. Оның мүшелері - Азамат Тен мен Сергей Хван. Бірінші айналымда олар төрт тұқы аулады, оның ішінде ең жақсы олжа 10,4 кг болды. Бірінші айналымда ауланған балықтың жалпы салмағы 23575 грамм. Екінші айналымда «шеберлер» 30 сазан ұстаса, ең ауырының салмағы 7,9 келі болды.

Нәтижелерді қорытындылау кезінде көшбасшылар «Карп Максимум», «Мастер Карп» бірдей ұтыс ұпайларын жинап, 1 және 2-орындарға, GT командасы 3-орынға ие болды. «Целинник» 4-орын алды.

Трофейлік спорттық балық аулаудың даусыз «ұстасаң - босат» деген қағидасы бойынша барлық ұсталған сазандар суға жіберілді.

Бәлкім, тұқы, яғни сазан аулауда бізге тең келер ешкім жоқ екенін ескерсек, бір кездері атыраулық кәсіпқой балықшылар жеңіс тұғырынан өз орындарын алатын шығар.

Жазып алған М.СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 шілде, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.