Атырау, 24 қараша 02:04
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құлсарының Болашақ ықшамауданындағы құрылыс жұмыстары қыркүйекте аяқталады

1 248 просмотра

Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан 100 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүруде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық Құрылыс басқармасының бас маманы Ернар Қадырбайдың айтуынша, бір тұрғын үйдің іргетасы монолитті құйылмалы темір бетоннан, сыртқы қабырғасы 40 см, ішкі қабырғасы 20 см болатын ақ тастан салынады. Ал сыртқы қасбетіне декоративті полифасад орнатылса, төбе жабындысы металл төсеніштерімен жабылады. Жұмыс жүріп жатырған учаскеде құрылыс материалдары жеткілікті.

- Қазіргі уақытта жоспарлы 100 үйдің 90-ынының құрылысы қарқынды жүруде. Оның ішінде, 51 үйдің іргетасы құйылып, 21 үйдің тас қалау жұмыстары аяқталып, төбе жабындысын жабу жұмыстары басталды. Сондай-ақ қосымша 21 үйдің іргетасын қалауға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрбір учаскеде құрылыс жұмыстарына 50 шақты адам жұмылдырылған, - деді Е.Қадырбай.

Болашақ мөлтек ауданындағы үйлер Атырау облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен, “Қазақстан халқына” Қоғамдық қорының қаржыландыруымен жүргізілуде. Бұл жұмыстар қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 шілде, 21:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.