Осылайша, электр энергиясының құны 9 теңге 98 тиынды (бұрынғы құны 7 теңге 37 тиын) құрады.
Атырауда электр энергиясының тарифін көтеру мәселесі осы жылдың сәуір айында өткен қоғамдық тыңдауларда талқыланған болатын. Оның қорытындысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті энергетиктердің уәждерімен келісті.
Енді алдағы бес жылда монополист тарифті көтеру арқылы электр желісінің жағдайын жақсартып, инфрақұрылымды жаңғыртуға міндетті.
– Инвестициялық бағдарлама құны 20 млрд теңгеге бағаланып отыр. Алайда департамент 15,6 млрд теңгені ғана бекіткен. Бағдарлама аясында автоматты есепке алу құралдарын орнату, желілерді жаңғырту және басқа да шаралар жоспарлануда, - деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы боойынша департамент басшысы Арман ӨТЕГЕНОВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА