Атырау қаласы тұрғындарының қалаішілік кейбір маршруттарды жаңарту жөніндегі тілектері қанағаттандырылатын болды.
"Algabuc" ЖШС-гі автопарктегі автобустарды жаңалауға көшті. Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1 тамызға дейін ЖШС өз қаражатымен 20 автобус сатып алмақшы көрінеді. ЖШС авобустарды лизингпен алып, үкімет тарапынан жеңілдетілген субсидия бөлінбекші.
Жалпы жаңа автобустар уақытында келсе ЖШС 21, 22, 59 маршруттарындағы ескі автобустарды жаңалауды көздеп отырған көрінеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА