Атырау, 25 желтоқсан 14:51
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Хасенов Сибур компаниясының басшылығымен кездесті

1 411 рет қаралды

Бүгін Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов «СИБУР» ЖШҚ басқарма төрағасы — бас директоры Михаил Карисаловпен кездесу өткізді.

Тараптар Атырау облысында «Силлено» жобасының іске асырылу барысын, яғни, қуаты 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысын талқылады.

ҚМГ халықаралық серіктестерімен бірлесіп Қазақстанда мұнай-газ-химиясы кластерін белсенді түрде дамытуда. Полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы — елімізде аталған саланың дамуына жетелейтін келесі қадамдардың бірі.

Кәсіпорын Қарабатандағы арнайы экономикалық аймақтың аумағында Теңіз кен орнына (Атырау облысы) жақын жерде салынатын болады. Жоба үлескерлері — ҚазМұнайГаз (40%), СИБУР (30%) және Sinopec (30%).

Құрылыс кезеңінде барлығы 8 мыңға жуық, ал зауыт іске қосылғанда 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

2 шілде 2024, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.