Математикадан JBMO-2024 Балқан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан құрамасының алты оқушысы жүлделі орындарға ие болып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті.
Олардың бірі Атырау қаласынан аттанды, - деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА.
Олимпиада 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында өтті. Жарысқа Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы қатысты.
Қазақстаннан барған құрама команда ішінен Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Бердібек ОРЫНБАСАР ІІ-орынды иеленіп, күміс медальға ие болды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ