Атырау, 24 қараша 01:24
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Тұран» - «Атырау» – 2:1

830 просмотра
Сурет: kazfootball.kz

1 шілдеде Шымкентте Мұңайтпасов атындағы стадионда футболдан ҚР чемпионатының бірінші туры мен 13-турының соңғы матчында «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» командалары кездесті.

Кездесу нәтижесінде командалардың турнирдегі жағдайы өзгерген жоқ: «Атырау» 6-шы орында, «Тұран» 11-ші орында қалды.

Алаң иелері 14-минутта бірінші голды соқты. Серб Никола Цуцкич Егор Хаткевичтің маңайына топтасқан ойыншылардың арасынан допты қақпаға көздеп, есепті 1:0 қылды.

Біраз уақыттан кейін Джоэль Каямба да дәл осындай гол соқты, бірақ оның голы есепке алынбады. 45-минутта алаң иелерінің шабуылшысы Феди Бен Чоуг пенальтиден мүлт кетті. Есесіне боливиялық Леонардо Вака қателеспеді – есеп 2:0. Төрешінің ысқырығына 5 минут қалғанда Александр Нойок пенальтиден «бедел голын» соғып үлгерді. 90-минутта Хаткевичпен қоса барлық мұнайшылар шабуылға ұмтылды. Нәтижесінде Цуцкич дубль авторы атанды. Бірақ төреші Сәкен Байымбет VAR жүйесімен кеңесіп, голды жоққа шығарды. Оның пікірінше, серб пассивті офсайдта болған.

Кездесу 2:1 есебімен оңтүстік команданың пайдасына шешілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 шілде, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.