Атырау, 24 қараша 04:01
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Халық» қоры Құлсарыдағы мыңға жуық отбасыға көмек көрсетті

725 просмотра

Биыл көктемде Қазақстанды шарпыған ауқымды су тасқыны бұрын-соңды болмаған залал келтірді. Еліміздің 12 облысы зардап шекті, 19 мыңнан астам тұрғын үй бүлінді. Су тасқынына қарсы күреске 63 мыңнан астам күш құрылымдарының қызметкері жұмылдырылып, 120 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның 40 мыңы бала.

 50 мыңнан астам волонтерлер қайырымдылық керуенін ұйымдастырып, су басқан аймақтарға азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды жеткізді. 19 маусымда Ақордада өткен салтанатты қабылдауда Қасым-Жомарт Тоқаев бұған бей-жай қарамаған қазақстандықтардың зор еңбегін атап өтті. Мемлекет басшысының қолынан медициналық мекемелердің, шұғыл қызметтердің қызметкерлері, волонтерлер мемлекеттік наградалар алды.

 Бұл қаражат жаңа үйлер салуға және бүлінген тұрғын үйлерді қалпына келтіруге бағытталған. Қор Құлсары қаласының 984 тұрғынына көмек көрсетті. Тасқын судан зардап шеккен тұрғындар қаржыны аударудың жеделдігі мен бюрократияның жоқтығына таң қалды.

 «Ақша шотқа өте тез аударылды. Бұл үлкен көмек! Көп рахмет, қор қызметкерлеріне табыс пен амандық тілеймін», - деді қаланың тағы бір тұрғыны Несібелі Кенжалиева.

 Зардап шеккендерге тікелей көмек көрсетумен қатар, «Халық» қоры Атырауда қорғаныс бөгеттерінің құрылысына демеушілік көрсетіп, жанар-жағармай материалдарын, қаптар мен қажетті заттарды сатып алуға 280 миллион теңге бөлді.

2 шілде, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.