Атырау, 24 қараша 03:24
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда алғашқы жүк вагондары шығарылды

738 просмотра

Өңірде жаңа инвестжоба - Атырау вагон құрастыру зауыты ашылды. Мұнда жыл сайын 6 000 вагон құрастыру жоспарланып отыр. Зауыттың салтанатты ашылу шарасына облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-  Өңірімізде 1000–нан аса жоғары біріккен және шетел кәсіпорны құрылып, жұмыс жасауда. Машина жасау саласында 150 ірі, орта және шағын бизнес нысаны бар. Аймақтағы мұнай-химия өнімдерін өңдеу бағытындағы ірі жобалармен қатар машина жасау ісінің де осындай ауқымға ие бола бастағаны қуантарлық жағдай. Мұның Теңізшевройлдың Келешек кеңейту жобасының аяқталуына байланысты босаған адамдарды жұмыспен қамту мәселесін оңынан шешуге септігін тигізіп, экспортқа бағытталған өнімдердің өсіміне, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосары сөзсіз. Біз өз тарапымыздан өндіріске жан-жақты қолдау көрсетенімізді атап өткім келеді, - деді М.Мурзиев.

Шараға арнайы қатысқан ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп Комитетінің төрағасы Азамат Панбаев жобаның маңызына тоқталды.

Өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда Қазақстанда индустриялық саясатты іске асыру жалғасын табуда және алдымызға қойылып отырған мақсаттардың бірі – өңдеу өнеркәсібін экономиканың локомотивіне айналдыру. Соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібінің орташа өсу қарқыны 4,5% құрады, оның ішінде машина жасау саласы 17,6% өсімін көрсетті. Осыған байланысты, жобалық қуаты жылына 6 мың вагонға дейін «Тексол Транс» ЖШС вагон құрастыру зауытының ашылуы Қазақстан экономикасының, сондай-ақ өңірдің дамуына ықпал етеді. Бұл жоба Мемлекет басшысының Атырау облысы өңірінің индустриялық және инновациялық әлеуетін нығайту жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге айтарлықтай әсер ететініне сенімдімін,-деді А.Панбаев.

Компанияда мұнай мен газды тасымалдауға арналған вагондар мен цистерналар шығарып, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге арналған барлық инфрақұрылымды қамтитын вагон жасау кластерін дамытады. Жалпы құрылыс жұмыстарына неміс станоктары мен елімізде өндірілетін материалдар қолданылады. Кейін өндірістік өнімдер Еуропа және Балтық елдеріне экспортталады. 

Компаниялар тобының басшысы Шота Абхазав алдағы 10 жылда еліміздің жүквагондары паркі 54 мың бірлікке қысқаратынын атап өтті.

- Біз Орталық Азияда жүк базасының өсу әлеуетін ескере отырып, шығатын вагондарды жаңа өніммен өтеуге және соның салдарынан қосымша вагондар паркіне қажеттілік үшін дұрыс жұмыс істеуіміз керек. Осылайша, бізде отандық өндірісті дамытуға жақсы мүмкіндік бар,-деді Ш.Абхазов.

1 шілде, 19:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.