Атырау, 23 ақпан 08:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Атырау облысының шекарасы өзгертілмек

898 рет қаралды
Фото: Орда. 

Атырау облысының шекарасы өзгертілмек. Бұл туралы премьер-министрдің қаулы жобасында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жалпы алаңы 3 954 015,300 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Қаулы жобасы 15 шілдеге дейін талқыланады.

Түсіндірме жазбада облыстың шекарасын өзгерту мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейтіні және теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайтыны нақтыланады.

1 шілде 2024, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.