«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Атырау мұнай өңдеу зауытындағы 50% үлесін Sinopec компаниясына сатуы туралы жарияланымға қатысты ресми түсініктемесі:
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы 50% қатысу үлесін Sinopec компаниясына (ҚХР) сату туралы ақпаратты растамайды. 2024 жылы 12 маусымда Sinopec компаниясының (ҚХР) мамандар делегациясы Атырау мұнай өңдеу зауытына жұмыс сапарымен келіп, зауыттың операциялық тиімділігін арттыру мәселелері бойынша тәжірибе мен ұсыныстар алмасты. Бұдан бұрын Sinopec компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытының Ароматикалық көмірсутек өндіретін кешенді (2010-2016 жж.) және Мұнайды терең өңдеу кешенін (2010-2016 жж.) жүзеге асыруға қатысқан болатын. ҚМГ-ның қатысу үлесін сату мүмкіндігі талқыланған жоқ.
Сондай-ақ ҚМГ Sinopec компаниясының тарапынан Атырау мұнай өңдеу зауытындағы қатысу үлесін сату және оның құны бойынша қандай да бір ұсыныс келіп түскенін және алғанын растамайды.