Атырау, 24 қараша 03:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысында жарты жылдағы жол-көлік оқиғаларының статистикасы жарияланды

705 просмотра

Жыл басынан бері облысымызды қиып өтетін республикалық маңызы бар тас жолдарда 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 24 адам қаза тауып, 51 адам дене жарақатын алған. 

Адам қазасымен орын алған ірі жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы мен басып озуға тиым салынған жол белгілерінің талаптарына бағынбай, қауіпті аймақтарда біртұтас сызықты қиып, қарсы бағытта жүргізуі салдарынан орын алуда. 

Осы ретте, жол-көлік оқиғасының алдын-алу бағытында патрульдік полиция қызметкерлері автожолдарда қарсы бағытқа шыққан көлік жүргізушілерін дрон әуе камерасымен анықтап жауапкершілікке тартуда.

Айта кетейік, 6 мамырдан бастап жол жүрісі қағидасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерден кейін бүтін сызықты кесіп, қарсы жолаққа шыққан жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-тармағы бойынша жазаланып, 6 ай мерзіміне көлік басқару құқығынан айырылады, деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаменті.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 


2 шілде, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.