Индер ауданындағы Б. Нысанбаев орта мектебінің оқушысы ҰБТ қорытындысымен 136 балл жинап, рекордтық көрсеткішке ие болды.
Диляра 9 сыныпты үздік аттестатпен бітірген еді. Оқушы білімді ғана емес, би билеп, ән салып, өнерлі қасиетке ие.
- Жалпы ауданда 331 оқушы мектеп бітіріп, ұлттық бірыңғай тестілеуде білімдерін сарапқа салуда. Дилярадан бөлек, Қ. Абақанов атындағы Өрлік орта мектебінің оқушылары 126, 129, 132 балл алды. Ал Жамбыл атындағы орта мектебінің "Алтын белгі" иегері 125 балл жинады. 110-117 балл жинаған оқушылар да бар, - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша ДИЛМҰҚАШЕВА.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА