Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқынынан бүлінген жерлер жөнделе бастады.
Аудандық ТҮКШ бөлімі басшысы м. а. Бекет БОЗЖІГІТОВТІҢ мәлімдеуінше, өр суынан қаладағы 10 шақырым жол бүлінген. Бүгінде Шәкірова, Қожанов көшесінің бойында жөндеу жұмысы жүріп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, тізімде Абдрахманов, Датов, Сауран, Тайманов сияқты басты көшелердегі жолдар жөндеуге сұранып тұр.
Сондай-ақ, қалада кешенді даму жоспарына сәйкес, қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғыртудың 3-ші кезеңін жүзеге асыру да қолға алынған. Яғни, 110 көшеге 31,8 шақырым асфальт төсеу жұмыстары да жүзеге асуда. Мердігер жұмысты осы жылдың қыркүйек айында аяқтауы тиіс.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА