Атырау, 13 қаңтар 22:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Қырғызстандағы сел тасқыны салдарынан екі қазақстандық бала көз жұмды

790 просмотра
Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қырғызстан ТЖМ ақпараты бойынша, Ош облысының Ноокат ауданы Абшыр-Ата ауылында сел тасқынының салдарынан Қазақстанның кәмелетке толмаған екі азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы екеуі хабар-ошарсыз кетті деп саналады.

Қырғыз құтқарушыларының күштерімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

«Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшылары орын алған табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан кейін тікелей байланыста. Барлық қажетті үйлестіру және ақпарат алмасу жұмыстары жүзеге асырылуда», - делінген хабарламада.

Қазақстан ТЖМ Ош қаласына қаза тапқан азаматтардың денелерін тасымалдау үшін әуе кемесін жіберу мәселесін пысықтауда.

30 маусым 2024, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.