Атырау, 24 қараша 03:26
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырау облысының балалары елімізді саяхаттауға шықты

Сурет
869 просмотра

ҚТЖ баспасөз қызметі

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы табиғи апаттан зардап шеккен және көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балалары «Туған елге саяхат» пойызында қызықты саяхатқа аттанды.

Пойыз Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан, Қарағанды, Байқоңыр қалалары арқылы өтеді. Саяхат 12 күнге созылады.


Пойызда 7 купе вагоны және екі мейрамхана вагоны бар. Барлық вагондарда кондиционер орнатылған және жас жолаушылардың жайлы әрі қауіпсіз саяхаты үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Одан бөлек бұл пойызда вагондардың алынбалы жабдықтары (төсек-орын жабдықтары, перделер және т.б.) ақ түске жаңартылған.

Балаларды жол бойы 18 маман, соның ішінде мұғалім, психолог, медицина қызметкерлері және аниматорлар алып жүреді

29 маусым, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.