27 маусымда Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат ДОСМҰРАТОВТЫҢ ісі Атырау қ. №2 сотына жіберілді.
Бұл туралы ақпарат «Сот кабинеті» жүйесінде орналастырылған. Судья – Абылай ҚАРАБЕКОВ.
Естеріңізге салсақ, ол үйқамақта отыр. Мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардапқа әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану дерегі тексеріліп жатыр.
Дереккөздер оның ұсталуын жақында Атырау мұнай өңдеу зауытының тағы бір бұрынғы бас директорына қатысты атышулы сот процесімен байланыстырады.
Жомарт ӘМІРХАНОВ