Атырау, 24 қараша 02:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

С.Датов көшесін қайта жаңғыртуға миллиардқа жуық теңге жұмсалады

1 444 просмотра

Оның ішінде республикалық бюджеттен – 124,9 млн теңге.

Қала әкімінің орынбасары Тілек МАХУОВТЫҢ айтуынша, ұзындығы 835 метрді құрайтын жолды қайта жаңғырту жұмыстарын «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС жүргізіп жатыр.

«Жұмыс барысында инженерлік желілерді (жылу жүйелері, көшелерді жарықтандыру, байланыс желілері) көшіру және ауыстыру да жоспарланған. Сонымен қатар, бұл аймаққа электр сымдары тартылады», - делінген «АЖ»-ның сауалына берілген жауапта.

Жол қазан айына дейін пайдалануға берілуі тиіс екені хабарланған. «Былтыр инертті материалдарды жеткізу мәселесіне байланысты байқалған кідіріс бола ма?» деген редакция сауалына мынадай жауап алдық.

«Бүгінде жоғарыда аталған мердігер ұйымда су тасқыны жағдайы басталғанға дейін қыста жеткізілген инертті материалдардың жеткілікті қоры бар. Монополист ұйымдар жұмысты уақытылы аяқтаған жағдайда жол белгіленген мерзімде пайдалануға беріледі».

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

27 маусым, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.