Атырау, 24 қараша 02:52
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Он бір ықшамаудан қаланың кәріз жүйесіне қосылады

1 374 просмотра
Көрнекі сурет

Келесі жылдан бастап Атырау қаласы маңындағы 11 ықшам ауданның кәріз жүйесін орталық кәріз желісіне қосу құрылыс жұмыстары басталады. Бұл туралы тұрғындарды жеке қабылдау кезінде Атырау қаласының әкімі Шәкір КЕЙКІН айтты.

Өркен ықшам ауданының тұрғыны Асан ЖҰМАЕВ соңғы жылдары жер асты суының көтерілуіне байланысты кәріз суы аула ішіне шығып, балшықтан арыла алмай отырғанын айтады. 

- Қала іргесінде отырып кәріз суына былғанып отырмыз. Жаңбыр жауса ауламыз ми батпаққа айналып, кеуіп болмайды. Кәріз суының иісінен аулада демалу мүмкін емес. Тазартқаннан пайда жоқ, жер астынан өніп шыға береді. Жеке секторларды орталық кәріз желісіне қосу жоспарда бар ма, дейді  тұрғын.

Атырау қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Мереке ЗИНУЛЛИННІҢ айтуынша, қазіргі кезде қала аумағындағы 11 ықшамауданның жеке секторларын орталық кәріз желісіне қосу жоспары дайындалған. 

- Бүгінгі күні Өркен ықшамауданының кәріз желісін орталықтандыру бойынша жобалық сметалық құжаттары мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шықты. Бұдан бөлек, Атырау ы/а, Жұмыскер-2, Сарықамыс, Балауса, Самал, Нұрсая, Мясокомбинат, Жерұйық, Лесхоз-2, Мұнайшы ықшамаудандарындағы жеке секторларды орталық кәріз желісіне қосу бойынша ЖСҚ дайын. Бірақ кейбірі әлі мемлекеттік сараптамаға жеткен жоқ. Барлық ықшамаудандар мемлекеттік сараптамадан өткен соң, қорытындысы бірге беріледі, - деді М. Зинуллин. 

Өз кезегінде қала әкімі құжаттар сараптамадан өткен соң қаржы көзі қарастырылып, одан соң құрылыс жұмыстарын жасау үшін мемлекеттік ашық конкурс жарияланатынын түсіндірді. Қала әкімінің айтуынша, құрылыс жұмыстары  келесі жылдың бірінші жарты жылдығында басталады, деп жоспарлануда. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 маусым, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.