Атырау, 21 желтоқсан 19:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда Оқушылар сарайы салынады

1 202 рет қаралды

600 орынға арналған ғимаратты салу үшін жергілікті бюджеттен 63 млн 146 мың теңге бөлінген.

Ғимараттың сәулетін жобалаушы мекеме "BAITAU ARCHITECTS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.  Тапсырыс беруші - Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, оқушылар сарайының қай ықшамауданнан бой көтеретіні әлі нақтыланбаған.

Мемлекеттік сатып алу порталында жүктелген ғимараттың техникалық ерекшелігінде ғимарат 3 қабаттан кем болмауы тиіс деп көрсетілген. Сонымен қатар оқушылар сарайында заманауи кәсіпкерлерге арналған коворкинг, тренингтер, семинарлар, сабақтар өткізуге арналған келіссөздер бөлмелері, конференц-залдар, смарт кеңселер, балалар ойын бөлмелері т. б болуы тиіс екені нақтыланған.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

25 маусым 2024, 22:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.