Атырау, 24 қараша 02:40
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​E-Otinish платформасындағы ақау Атыраудағы ХҚКО жұмысын көбейтті

794 просмотра

Екі күннен бері азаматтарға өтініш жасау үшін «e-Otinish» бірыңғай ақпараттық жүйесі қолжетімді емес.

Бүгін түрлі сала мамандарының, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ел тұрғындарымен тікелей өзара әрекеттесуіне арналған платформада хабарлама пайда болды:

«Құрметті пайдаланушы! Қазіргі уақытта сайт қызметтерінің дұрыс істемеуі байқалады.

Сайт жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру күтілуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз».

Сонымен қатар, e-Otinish азаматтардың билік органдарымен дауларында құқықтарын нығайтуға ғана қызмет етпейтіні белгілі. Оның көмегімен азаматтар мемлекеттік органның заң бұзушылықтарына, әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты қашықтан өтініш беріп, тиісті ведомстводан қолдау ала алады. Сот орындаушылары, заңгерлер, БАҚ және т.б. сайтпен белсенді жұмыс істейді.  Платформа жедел түрде алынуы қажет анықтамалар мен басқа да маңызды құжаттарды алу үшін белсенді қолданылады. Алайда, екі күннен бері «дұрыс жұмыс жасамау» салдарынан, дәлірек айтсақ, сайт жұмысы толық тоқтап қалғандықтан, халық ХҚКО-да кезекке тұруға мәжбүр.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

25 маусым, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.