Атырау, 29 қыркүйек 02:56
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Әбділда Мұқашев атындағы сыйлық Ринат Балғабаевқа табыс етілді

588 просмотра
Әбділда МҰҚАШЕВ

24 маусымда Алматыда Қазақстан Журналистер одағы республикалық шығармашылық байқауының қорытындысы бойынша сыйлыққа ие болғандарды атады. Атырауда шығатын «Ақ Жайық» газетінің негізін қалаушы Әбділда Мұқашев атындағы редакцияның жыл сайынғы сыйлығы да табыс етілді. Биыл бұл сыйлыққа қазақстандық режиссер әрі журналист Ринат Балғабаев ие болды.

Ринат Балғабаевтың кәсіби қызмет аясы кең: әзіл-сықақшы, PR-кеңесші, режиссер, сценарист, продюсер, сонымен қатар ол HeForShe гендерлік теңдік үшін жаһандық ынтымақтастық қозғалысының одақтасы.

Сурет: @rinat_balgabaev 

«Ақ Жайық» газетінің редакциясы жыл сайын Әбділда Мұқашевтың құрметті сыйлығына үміткерлерді мұқият іріктейді. Бұл таңдау ешқашан кездейсоқ болған емес.

Тұрмыстық және сексуалды зорлық-зомбылық белгісімен өткен 2024 жыл бетбұрысқа толы жыл болды: Қазақстанда әйелдер мен балаларға қатысты заңсыз әрекеттер үшін жазаны күшейтетін заң қабылданды. Ол қалың жұртшылыққа «Салтанат заңы» деген атпен белгілі.

Осы өткір әлеуметтік тақырыпта бірқатар деректі фильм шығару арқылы зорлық-зомбылықпен күресуге Ринат Балғабаевтың да қосқан үлесі зор.

Ринат Балғабаев өзінің «Горгона» фильмінде Қазақстанда басқыншыларды қалай жазалайтынын айтып, зорлық-зомбылықты бастан өткерген жандарға өз пікірін айтуға мүмкіндік беріп, қоғамның бұл мәселеге деген көзқарасын өзгертуге тырысты.

«Ақ Жайық» газеті журналистерінің жұмысындағы қағидалардың бірі де пікірталасқа шақырып, мәселеге назар аударту.

Балғабаев қозғайтын тақырыптың бірі – «саяси» сатира. Саяси жүйе, мемлекеттік құрылым және шенеуніктер туралы жиі әзілдейді. Бұл өңірдегі жалғыз жеке газет ретінде «Ақ Жайыққа» ұнайды.

Әбділда Мұқашев атақ-дәрежесіне қарамастан шындықты айтудан қорықпаған жан. Көбінесе оның өткірлігі жанға батардай. Бірақ ақиқаты сол – бұл қасиет «жақсылық», «өмірдің мәні» және «әділет» сияқты ұғымдармен тең дәрежеде тұратын ең үлкен құндылық.

Шындықты айту деген сирек қасиетті Ринат Балғабаевтың бойынан таптық.

Барлық әріптесті кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

«Ақ Жайық» газетінің редакциясы

25 маусым, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.