Атырау, 28 қыркүйек 23:54
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

АҚШ-тың құпия деректерін жариялады деп айыпталған Джулиан Ассанж кепілмен босатылды

370 просмотра

Лондонның Жоғарғы соты WikiLeaks порталының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды кепілмен босатты. Ол 24 маусым күні таңертең Белмарш қатаң режимді түрмесінен шығып, Ұлыбританиядан ұшып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW – ға сілтеме жасап.

АҚШ WikiLeaks-тің негізін қалаушыға 18 айып тақты. Оның ішінде құпия ақпаратты ұрлау, компьютерлік желілерді бұзу үшін сөз байласып, тыңшылық жасау айыптары бар. Үкім шығарылған жағдайда ол 175 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Вашингтон билігінің мәлімдеуінше, Ассанж америкалық әскери қызметкер Брэдли Мэннингтен АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы әскери операцияларына қатысты құпия материалдарды алған. Бұл америкалық барлау агенттіктіктері ақпарат тасушыларының өміріне қауіп төндірген.

Ал Ассанждың жақтастары «WikiLeaks-те материалдар жариялағаннан кейін америкалық сарбаздардың Таяу Шығыста жасаған қылмыстары ашылып қалды» деп есептейді.

Қазір Ассанждың 18 айыптың біреуін мойындап, тергеумен алдын-ала келісімге келгені айтылады. Келісім ресми күшіне енген жоқ.

25 маусым, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.