Атырау, 24 қараша 04:20
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Маусым айында шомылу маусымы ашылмайды: ТЖД

703 просмотра

Атырау қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі де шекті белгіге дейін төмендеген жоқ, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Атырау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Аблановтың айтуынша, Жайық өзеніндегі судың жоғары деңгейде болуына байланысты, Атырауда шомылу маусымының ашылу уақыты белгісіз мерзімге ығыстырылып отыр.

Өткен жылы Атырау облысы әкімдігінің шешімімен 46 шомылу орны анықталды, оның  алтауы - Индер және Жылыой аудандарында, сондай-ақ Атырау қаласында ашылды.

⁃ Биылғы жылы шомылу маусымының ашылуы белгісіз мерзімге шегерілді. Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендегеннен кейін жағалаулар мен жағажайлардың түбін тұрмыстық қоқыстардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта ашық су айдындарында шомылуға қатаң тыйым салынады, - деді Бақыт Абланов.
24 маусым, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.