Атырау, 24 қараша 04:43
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтары мен марапаттарының лауреаттары жарияланды

783 просмотра
ҚазТАГ/©Әмір Қасенов

Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев Одақ сыйлықтары мен марапаттарының лауреаттарын жариялап, әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!
Біз сіздермен қызыққа толы кезеңде – жоғары технологиялар, тың жаалықтар мен ұшатын автомобильдер ғасырында өмір сүріп жатырмыз, дегенмен инженерлік ой қаншалықты ұшқыр болса да, журналисттің жұмысы әлі талай жыл сұранысқа ие әрі өзекті болып қала бермек. Тек журналист қана жаңалықты, кейде қаншалықты ащы болса да, бірінші болып жеткізуі керек. Тек журналист қана ар-намысын қорғап, адамдардың құқықтары мен бостандықтары үшін күресе алады. Тек журналист қана өміріне қауіп төніп тұрса да, тек өз елінің азаматтары үшін емес, жалпы адамзат үшін маңызды тақырыптар мен деректерді іздестіріп, таба алады.
Алдағы мерекеге орай, құрметті әріптестер, Сіздерге кәсіби өрлеу, шығармашылық шабыт, әр істеріңізге жетістік пен қуаныш, туыстарыңыз бен жақындарыңызға денсаулық, бақыт тілеймін!
Қазақстан Жруналистер одағының төрағасы – Сейтқазы Матаев

«Құрметті журналист» атағы берілді: 

Әмрина Әнәпия Саржанқызы – Астана қаласы

Аренов Мурат Майханович – Алматы қаласы

Балажан Абай Бекназарұлы - Шымкент қаласы

Уразбаева Лейла Сагнаевна – Абай облысы

Перерва Иван Петрович – Ақмола облысы

Оралбаев Ерғанат Қалиақпарұлы – Алматы облысы

Өтеміс Индира Сәрсенғалиқызы – Ақтөбе облысы

Ерғалиев Нұрым Тельманұлы – Атырау облысы

Қызыров Жәнібек Қабдуәлиұлы – Шығыс Қазақстан облысы

Иембердиев Қуаныш Сабырұлы – Жамбыл облысы

Ақсанов Мәулеткан Барсағазыұлы – Жетысу облысы

Ақбасов Өмірзақ Тұрақбайұлы – Батыс Қазақстан облысы

Балташұлы Ермек – Қарағанды облысы

Кұлмұратова Гүлнар Тәуенқызы – Қызылорда облысы

Шибаршин Евгений Васильевич – Қостанай облысы

Іңірбай Есберген Іңірбайұлы – Маңғыстау облысы

Марина Николаевна Попова – Павлодар облысы

Шәріп Нұрсайын Әбіұлы – Солтүстік Қазақстан облысы

Иманқұлов Әбдез Рахманұлы – Түркістан облысы

Дастанов Абдолла Байділдаұлы – Ұлытау облысы


Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалі 2024 жыл

Қазақстан Жруналистер одағының Алтын медалі экология саласындағы қоғамдық-пайдалы қызметі, балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық іс жасағаны үшін саяси, қоғам қайраткерлеріне, журналистер мен еліміздің азаматтарына беріледі. Сонымен қатар ерен еңбектері мен кәсіби қызметтеріндегі көп жылдық жетістіктері үшін өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер және т.б. азаматтар да ұсынылуы мүмкін.

Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалі 2024 жыл берілді:

Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы, парламент сенатының депутаты. Астана қаласы. 2013-2019 жылдар аралығында ұйым үшін ең күрделі кезеңде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан Журналистер одағының филиалын басқарып, оны сақтап қана қалған жоқ, сапалық және сандық құрамын жақсартты. Қапбарова бір мезетте «Шымкент Медиа» МКК бас редакторы-директоры болды; сосын «Шымкент ақпараттық орталығы» ЖШС бас редакторы-директоры болды. 2019 жылы Қазақстан бойынша халықаралық баспасөз турын ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді.

Ләйлә Сейсембекқызы Ахметова, тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры, Алматы. Маркетинг, менеджмент, коммуникация, пиар және БАҚ туралы кітаптар мен оқулықтардың авторы. 2016 жылы Брест қамалын қорғаған ержүрек қазақстандықтар туралы «Брестская крепость. Казахстан» кітабын шығарды. 1939 жылдан бастап Белорусияға Жамбыл облысынан әскерге шақырылғандардан құрылған эшелондар жіберілген. Олар кейін Брест қамалын қорғап, немістердің алғашқы соққыларына төтеп берген. Қазіргі таңда Брест қамалында аты-жөндері жазылған қазақ әскерлерінің бейіттері бар. Ал Белоруссия оқушылары мемориалдық кешенде құрметті күзетте тұрады.

2020 жылы «Панфиловцы- наша гордость, наша слава.» кітабы шыққан. Ләйлә Ахметова Панфиловшылардың ұрпақтары мен достарының Халықаралық Қауымдастығының төрағасы болып табылады.

Әуелбеков Қошқарбек Мамытұлы, Шымкент қаласы Сарыағаш ауданы балалар жедел медициналық көмек бригадасының дәрігері. Қызметінің 33 жылында өрттен зардап шеккендерге, тоқ соққандарға, кенеттен жүректері тоқтап қалғандарға, қан қысымы көтерілгендерге, аллергиясы барларға шұғыл түрде медициналық көмек көрсете отырып, адамдардың өміріне араша болып, өзін кәсіби тұрғыда жақсы көрсетті. 2020 жылы Covid-19 эпидемиясы кезінде дәрігердің көмегіне мұқтаж жандардың барлығына шұғыл көмек көрсете білді. Қарағанды медициналық институтын бітірген, Әуелбеков үнемі біліктілігігін арттырып отырады, жас әріптестеріне үлгі, ғылымның соңғы жаңалықтарынан тыс қалмайды, оны тәжіиребеде де қолдануға тырысады.

Туғанбаев Жиенғали Ерғалиұлы, «Семей орманы» Каштак орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы-шебер. 2023 жылдың 8 маусымында Абай облысындағы алапат өрт кезінде Туғанбаев шамамен 12 мың га алқапты қараған. Қызыл жалын өзіне бекітілген аумақты шарпығанда инспектор әріптестерімен бірге өртті дер уақытында сөндіре алған. Жедел әрекет, жоғары кәсібиліктің арқасында орман қорының шығыны азайып, жақын маңдағы елді-мекендерге төнген қауіп жойылды.

Минайдаров Нұрлан Сәбитұлы, Ақмола облыстық ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі. Медицина ғылымдарының докторы, механикалық және биологиялық протездерді, кардиохиругия мен медицина технологиясының соңғы жетістіктерін қолдана отырып, ашық жүрекке, соның ішінде қан тамырларына, жүректің туа бітті және бертін келе пайда болған ақауларына ота жасай отырып, мыңдаған адамды ажалдан алып қалған. 15 жылда Минайдаров 3 мыңнан астам ота жасап облыстық кардиоорталық жағдайында қан тамырлары аурулары асқынған, жүрек бұлшықеті мен жүрек құлақшасы аурулары асқынған қаншама науқасты құтқарған.

Сайдильдина Забира Дайранқызы, «Огни Алатау» газетінің бас редакторы, Алматы облысы. Этнографияға, әйелдер кәсіпкерлігіне, демографияға арналған бірнеше бағдарламалардың авторы. Талдықорған қаласында «Айналайын» балалар үйінің базасында журналистика мектебін құрды, соның арқасында көптеген тәрбиеленушілер журналистика факультетінің студенті атанды.

Жақсылық Айжан, Семей ядролық полигонының салдары туралы деректі фильмдердің авторы. Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы экологиялық проблемаларға арналған журналисттің мақалалары өңірдің шөлге айналуымен күресу үшін қызметкерлер тобын құруға ықпал етті.

Омарасхаб Магомедхабибович Ахмедов, Дагестандағы шағын ауыл тұрғыны, Қазақстанның батыс өңірлеріндегі су тасқыны туралы біліп, түнгі 2-де таныстарынан қойманы ашуларын сұрап, газельге 50 мың қап тиеген. Ол Атырауға Астрахань облысы арқылы түнімен жүріп келген. Аталмыш қаптар жағалауды нығайту үшін қолданылған. Дагестанның осы тұрғынының жанкешті әрекеті Атырау, Махамбет және Сартоғай халқын тәнті етті.

Еламан Нукушев, Шығыс Қазақстан облысы Октябрь ауданының ТЖД қызметкері. Ол Бұқтырма су қоймасының жағалауында қайғылы жағдай орын алғанда кездейсоқ сол жерде болған. 13 жасар баланы толқын жағалаудан алысқа алып кетіп, ол шарасыз күйде қалған. Жасөспірімнің туыстары да сол маңда болған, бірақ олардың ешбірі жүзуді білмеген. Көмек сұраған айқайы естіген Еламан бірден суға түсіп, баланы құтқарып қалған.
Еламан Нукушевтің кәсібилігі мен шұғыл шешім қабылдай алғанының арқасында бала құтқарылды.

Сатылғанов Жапар Тілеужанұлы, «Ұлы шаңырак» республикалық газетінің бас редакторы. Журналист 40 жылдан бері табиғатты қорғау мәселелерімен айналысып келеді, этнография және экология мәселелеріне арналған үш кітап пен көптеген мақалалардың авторы. Жамбыл облысындағы ардагерлердің Табиғатты қорғау кеңесінің төрағасы.

Қабжан Қазыбек Құттымұратұлы, журналист, ақын, жазушы, 8 кітап пен поэзия жинақтарының авторы. Қабжан Орынбор мен Санкт-Петербордағы мұрағаттардан ХХ ғасыр басындағы Батыс Қазақстан облысындағы алғашқы газеттер туралы материалдар жинаған, нәтижесінде жинақтар шығарған, 30-40 жылдардағы саяси тұтқындарды оңалту жөніндегі комиссияға қатысқан.

Алтынбеков Бекзат Қомарұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, «Қазақ тілі» облыстық филалының жетекшісі, Қарағанды облысының бірнеше аз қамтылған отбасыларына баспана сыйлаған меценат. Алтынбеков көп жылдан бері Сәтпаев және Жезқазған қалаларындағы «Үміт» және «Мерей» балалар үйлерінің демеушісі.

Нурмаханов Нурлан Көбегенұлы, «Әлімсақ» республикалық журналы мен «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы, Қызылорда облысы «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының директоры. Нұрмаханов жас журналистерге арналған семинарларға, тренингтерді ұйымдастырады және демеушілік етеді; жас авторлардың өлеңдері мен жарияланымдарының жинақтарын шығарады; оқушылар арасында ғылыми жұмыстар байқауын өткізеді және бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

Нұрсейітов Мұрат Қасынғалиұлы, Павлодар облысы Баянауыл ауданы ІІБ жол-патрульдік полициясының инспекторы. 2017 жылдың 17 ақпанында Нұрсейітов әріптесімен бірге 18 оқушы мен жаттықтырушыларын Павлодар қаласында өтетін жарысқа алып бара жатқан автобуспен ілесіп барған. Жол бойында қарсы бетке «Камаз» шығып кетеді, ал оның артында жүк көліктері тізіліп келе жатқан. «Камаздың» мектеп автобусымен соқтығысуының алдын алу үшін Мұрат Нұрсейітов жүк көлігіне қарсы шығып, қызметтік көлігін кесесіне қойып, өзі соққыға ұшыраған. Полиция старшинасының ержүректілігінің арқасында мектеп автобусындағы ешкім зардап шекпеген, алайда Мұрат көлігінде жаншылып қалған. Ержүрек полиция қызметкері көпке дейін есін жия алмай жатты, бірақ павлодарлық, кейін елордалық дәрігерлердің арқасында аман қалды. Бір жарым жылға созылған емнен кейін Мұрат бұрынғы қызметіне, бұрынғы дәрежесіне қайта оралды. Өз өміріне қауіп төндіре отырып, қайғылы жағдайдың алдын алған ержүрек полицейге бар болғаны 3 дәрежелі «Айбын» ордені берілді. Ал балалар мінген атвобус Павлодарға аман есен жетіп, жарыстан бірінші орын алған. Қазіргі таңда біздің уақыттың батыры Мұрат Қасынғалиұлы Нұрсейітов сол қызметте және сол бұрынғы шенімен жұмыс жасап жатыр, отбасылық-тұрмыстық жағдайы да жақсарған жоқ, осылайша оның ерлігі облыстық басшылық тарапынан елеусіз қалды.

Афандиев Худайберген Махамедович, «Күрдтердің «Барбанг» қауымдастығының» төрағасы, «Компания Шин Лайн» ЖШС бас директоры. Солтүстік Қазақстан облысындағы биылғы су тасқыны кезінде Афандиевтің бастамасымен дамба тұрғызу үшін бригада құрылды; кәсіпкердің қаржысына 200 дана резеңке етіктер, құтқарылған адамдар үшін 100 жылы көрпе сатып алынды. «Пеньково», «Большая малышка» ауылдарына және Петропавл қаласындағы эвакуациялық пункттерге Афандиев азық-түліктер мен бірінші қажеттіліктегі құралдарын күнде бір ай бойына жеткізіп тұрды. Кәсіпкер су тасқынынан зардап шеккендерге Т2 млн көлемінде көмек көрсетті.

Сарығаш-Жетісай-Жібек жолы тас жолында кезекшілікте тұрған патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан жолда Сырдария өзеніне батып бара жатқан адамды құтқаруды өтінген адамдарды байқайды. Полицей Сағынбаев суға секіріп, батып бара жатқан адамды әріптесінің көмегімен судан алып шығады. Белгілі болғандай, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғыны мал жайып жүріп, құлынның суға құлап кеткенін байқайды. Оны құтқарамын деп жүргенде малшының өзі де қатты толқынның әсерінен суға бата бастаған. Полиция қызметкері Дәулет Сағынбаевтың шұғыл әрекеті мен ерлігінің арқасында адам аман қалды.

Досжанов Қуанышбек Сырымбекұлы, Жезқазған қаласы ТЖД бастығының орынбасары. Биылғы су тасқыны кезеңінде Досжанов эвакуациялау жөніндегі қалалық штабтың жұмысын сауатты ұйымдастыра білген. Ол 13 адамды, соның ішінде 4-уі бала эвакуациялаған, 50 бас ірі қара малы мен ұсақ малды қауіпсіз жерге жеткізген. 5000 ш м аумақта су сору жұмыстарын жүргізген, нәтижесінде 12 үй аман қалды. Сәуір айында Досжанов Қорғанбай ауылындағы көпірді қайта салу жұмыстарына қатысты, сонымен қатар Ұлытау облысы Мибұлақ ауылы маңындағы аудандық маңыздағы жолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстарына басшылық еткен.

Қазақстан Журналистер одағы бауырлас Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан халықтарына, Омск облысының қазақ диаспорасына, және су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан өңірлеріне гуманитарлық көмек көрсеткен басқа да көптеген ұлттар мен ұлыстарға зор алғыс білдіреді.

Қазақстан Журналистер Одағы Сыйлығының Лауреаттары:

Байбатыр Ахметбеков, «Біздің Торғай» газетінің бас редакторы

Мирлан Алтынбек, «Хабар 24» журналисі

Айзат Жолдасова, «Ана тілі» газетінің тілшісі

Курал Онгар, «Шалқар» радиосының жүргізуші редакторы

Абдол Амандык, «Atyrau press» сайтының тілшісі – "ДАТ" газетінің Бақытгүл Мәкімбай атындағы сыйлығы.

Конкурстан тыс жұмыс:

Ринат Балғабаев, өзекті әлеуметтік тақырыптарға арналған деректі фильмдердің авторы – "Ақ Жайық" (Атырау) газетінің Әбділда Мұқашев атындағы сыйлығы

Ирина Волкова, "Время" газеті, Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі

Мира Жақыбаева, Zakon.kz, Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі

Дария Жұмабекова, Павлодар қаласы, "Қазақстан" РТРК АҚ ПОФ, шығармашылық қызмет редакторы

Ботагөз Омарова, "Айтпа, Ботагөз"телеграм-каналының авторы

Кирилл Павлов, "Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы қоры" желілік басылымы

Құрмет грамотасы

Қостанай қаласы "Жасыл алма» ("Зеленое яблоко») балалар облыстық газетінің жас тілшілеріне берілді

2024 жылғы байқаудың қазылар алқасының мүшелері:

Дияров Нұрмұханбет Әбділдайұлы, Қазақстан Журналистер одағының облыстық ұйымының жауапты хатшысы, Ақтөбе

Шархан Қазығұл, жазушы-публицист, " Меценат.кз" тәуелсіз әдеби сыйлығының бірінші лауреаты, "КҮЛПЕТ" романының авторы, Астана

Гүлзада Ниеткалиева, "Сарайшық" республикалық журналының бас редакторы, Атырау

Сұлтанбеков Тұрсынбек Темірланұлы, Жамбыл облыстық «Ар-Ай» жастар газетінің бас редакторы. Қазақстан журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары

Тоқтар Кенжеғалиев, «Приуралье» газетінің бас редакторы, Орал қаласы

Асанов Төлеш Сүлейменұлы, «Мысты өңір» газеті редакциясы ЖШС директоры, бас редактор, Қазақстанның Құрметті журналисі, Ұлытау облысы

Елизарова Валентина Петровна, Журналистер Одағының мүшесі, "Ақпарат саласының үздігі" төс белгісінің иегері, Қарағанды қаласы

Александр Краснер, «Новая газета – Казахстан» бас редакторы, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Алматы

Морозова Татьяна Александровна, аға оқытушы, магистр, Қозыбаева атындағы "Журналистика" кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы, Петропавл қаласы

Оразбаева Лейла Сагнаевна, "Semey ainasy" ақпараттық агенттігінің басшысы, Семей қаласы

Смағұлов Ержасылан, журналистика ардагері, осы уақытқа дейін облыстық "Звезда прииртышья" газетінде мақалалары жарияланып тұрады, Павлодар

Чернявская Юлия Владимировна, Altaynews.kz сайтының бас редакторы болып жұмыс атқарған, "Шығыс ақпарат" ЖШС, «Үздік журналист 2000 жыл» байқауының лауреаты, Шығыс Қазақстан облысы

Кимов Евгений Евгеньевич, "Степной маяк" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Көкшетау қаласы.

24 маусым, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.