Атырау, 29 қыркүйек 04:35
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Дағыстанда үш күндік аза тұту жарияланды

381 просмотра
Фото: t.me/rentv_news

Дағыстанда 24, 25 және 26 маусым аза тұту күндері деп жарияланды. Тиісті Жарлыққа Сергей Меликов қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Дағыстандағы шабуылдардың салдарынан 15-тен астам полиция қызметкері мерт болды, тағы бірнеше азамат қаза тапты. Ел басшысы Махачкал мен Дербентте алты содыр жойылғанын айтты.

«Қасиетті Троица күні яһудилер мен православие шіркеуінің ғибадат орындарына террористік шабуыл жасаған террористердің, қарақшылардың жолында біздің полицейлер құрбан болды», -деп атап өтті Меликов.

Өңір басшысы жағдайды мемлекеттік билік органдары мен құқық қорғау органдары бақылап отырғанын атап өтті. Барлық зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі.

 «Аза тұту күндері республика аумағында мемлекеттік тулар төмен түсіріледі. Дағыстанда орналасқан мәдениет мекемелері мен телерадиокомпаниялар барлық ойын-сауық іс-шаралары мен хабарларын тоқтатады», - деп хабарлады аймақ басшысының әкімшілігі.
24 маусым, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.