22 маусым күні сағат 23:17 шамасында Kia Sportage көлігі мен мопед құралының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Атырау қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, оқиға Водник ықшамауданында орналасқан шағын маркеттің маңында болған. Kia Sportage автокөлігі мопед көлік құралымен соқтығысып, салдарынан 20 жастағы мопед жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА