Атырау, 24 қараша 05:05
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

15 жасар ұлы құқық бұзушылық жасағаны үшін анасы сот алдына келді

971 просмотра

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Р.С.-ға қатысты ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.   

Іс материалдарынан белгілі болғандай, 2024 жылдың мамыр айында Құлсары қаласында жасөспірім мопедті құжатсыз басқарып, жол-көлік оқиғасын жасаған.  Оның мопеді Toyota Camry көлігіне соқтығысқан. 

«Р.С.-ның кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан ол әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасаған», - делінген соттың баспасөз хабарламасында. 

Кінә іс материалдарымен толық дәлелденді».

Сотта әйел ұлының әрекеті үшін кешірім сұрап, 51 688 теңге айыппұл төледі.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

22 маусым, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.