Атырау, 24 қараша 04:20
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚМГ және Қазақстандағы Eni басшылары ынтымақтастықтың күн тәртібін талқылады

819 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қазақстандағы Eni компаниясының басшысы ‒ басқарушы директоры Сегер Хойтинкпен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Қашаған кен орнын кеңейту жобалары, ішкі нарыққа тауар газын жеткізу үшін Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы, қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері бойынша ағымдағы сұрақтар қаралды.

Кездесуде сонымен бірге жақын арада жоспарланған «Абай» учаскесінде ұңғыманы бұрғылау бойынша дайындық жұмыстарының барысы, Транскаспий бағыты бойынша және Германияның мұнай өңдеу зауыттары бағытындағы «Транснефть» жүйесі бойынша мұнай экспорты перспективалары да қаралды.

Тараптар Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясын салу жобасын іске асыруды да талқылады. Көп ұзамай ҚМГ мен Eni екі бірлескен кәсіпорын (жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істейтін электр станциясы және газ электр станциясы үшін) құру рәсімдерін аяқтауды жоспарлап отыр.

А.Хасенов Eni ‒ елдің барлық энергетика саласы үшін стратегиялық серіктес болып табылатынын атап өтті. ҚМГ Eni компаниясымен ағымдағы жобалар және жаңа бастамалар бойынша да ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға ниетті.

22 маусым, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.