Атырау, 24 қараша 04:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қайтыс болған атыраулық құтқарушы «Айбын» орденімен марапатталды

Сурет Бейнежазба
919 просмотра

2024 жылғы 21 маусымда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде су тасқыны кезінде қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлын еске алуға арналған жиын өтті.

Жиынға ҚР ТЖМ аппарат басшысы азаматтық қорғау полковнигі Ерғали Бахаев және департамент қызметкерлері мен марқұмның туыстары қатысты.

Аталған шара 1 минут үнсіздікпен қаза тапқан құтқарушыны еске алумен басталды.

Шара барысында Ерғали Бахаев ҚР ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтың атынан қайғырып көңіл айтып, №1 МӨСБ бөлімше командирі марқұм Бейбарыс Рақымның туыстарына «Қызметтік және азаматтық борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін» Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады. Қайтыс болған құтқарушы Президент жарлығымен марапатталды.


Департамент бастығы полковник Нұрлан Жаңабаев және ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтжан Дүйсекенов өз кезектерінде құтқарушының ерлігін атап өтіп, қаза тапқан әріптесіміз батылдықтың символы ретінде мәңгі жадымызда сақталатынын айтты.    



22 маусым, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.