Атырау, 24 қараша 04:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АМӨЗ маңындағы теміржолда демонтаж жұмыстары жүргізіледі

834 просмотра
Суретте: темір жолды қалпына келтіру жұмыстары

Бұл туралы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС хабарлады.

21 маусым күнгі сағ. 20:00-ден 23 маусым сағ. 20:00-ге дейін З.Қабдолов даңғылынан зауыт бағытындағы автомобиль жолын кесіп өтетін №1 кіреберіс темір жолы маңында демонтаждау және асфальт жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. 

Іс-шара Атырау қаласының әкімдігі және полиция басқармасымен келісілген. Бұл аймақта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Естеріңізге сала кетейік, теміржол Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Ғалымжан Жусанбаевтың тұсында қалпына келтірілді.

21 маусым, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.