Атырау, 24 қараша 04:23
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысында салмағы 8 тоннадан асатын ауыр жүк көліктеріне күндіз жолдарда жүруге тыйым салынды.

927 просмотра

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің тапсырмасына сәйкес, Атырау облысының аумағында "Назар аударыңыз! Ауыр салмақты автокөлік құралы!" науқаны өтіп жатыр.

Науқанның мақсаты - жалпы пайдаланымдағы жолдарда ауыр салмақты көліктерді бақылау. 
5-маусым мен 5-шілде аралығын қамтитын акция шеңберінде Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, облыстық  Жол полициясы, және "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК АОФ өкілдері ауыр жүк көліктерін тексерді.

Ұлттық сапа орталығы филиалының инженері Мерей Телеуғалиевтың айтуынша, жолдардың тез тозуына жүк көліктерінің де әсері бар. Әсіресе, аптап ыстықта ауыр салмақ асфальттың тез деформациялануына ықпал етеді. Сондықтан, ауа температурасы көтеріліп, асфальт қызған кезде 8 тоннадан асатын көліктердің күндіз жүруіне, яғни 10-00 мен 22-00 аралығындағы қозғалысына шектеу қойылады.

Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Әнуар Бисалиевтің айтуынша, жаз мезгілінде жүк тиеген көлік салмағы 10 тоннадан асса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-бабы, 6-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Акция кезінде 10-нан астам  ауыр салмақты көлік құралдары тексерілді. Жүргізушілерге ҚР Заң талаптары түсіндірілді.

- Жыл басынан бері ауыр салмақты жүктерді өткізу және тасымалдау ережесін бұзғаны үшін 67 әкімшілік іс қозғалды. Межелі көрсеткіштен асатын жүк тиегені үшін 17 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды, - дейді Ә.Бисалиев.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 маусым, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.