Атырау, 29 маусым 13:00
 ашықВ Атырау +22
$ 471.46
€ 504.79
₽ 5.53

Қырғызстанда көлік тоғанға құлап, алты бала көз жұмды

514 просмотра
Фото: Қырғызстанның Шу облысының ІІББ фотосы

Қырғызстандағы Кара-Балта қаласының маңында жол апатынан алты бала қаза тапты. Бұл туралы 24.kg ақпарат агенттігіне құқық қорғау органдарының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 20 маусым күні кешке болған. Volkswagen Jetta көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік жолдан шығып, жол апатына түсті.

«Көлікте үш ересек және сегіз бала болған. Нәтижесінде 4-тен 9 жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды. Қалғандары ауруханаға жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу аясында жүргізуші қамауға алынды», - делінген ақапараттық агенттіктің хабарламасында.

Шу облысы ІІМ-де атап өткендей, Г.Т. балаларды тоғанға әкеліп, «Шомылуға тыйым салынған» белгісіне қарамастан, мас күйінде рөлге отырып, балалардың өліміне себепкер болған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

21 маусым, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.