Атырау, 23 желтоқсан 05:23
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырау облысындағы үш ауданның тұрғындары екі күн бойы сусыз қалды

949 просмотра

Ауыз судың зардабын тартқан Құрманғазы, Индер, Махамбет аудандары тұрғындарынан "АЖ" поштасына көптеп хат түсуде. 40 градус ыстықта суға жарымай отырған халық ашынған күйде.

Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылы тұрғындары екі күн бойы сусыз қалған. Бұрын таңертең сағат 08.00-09.00, кешке 18.00-19.00 аралығында ғана су беріліп тұрған. Сол сағаттарда ауыл тұрғындары бос ыдыстардың бәріне су толтырып алып, қиындықтан шығып жүрген. 

- Ыстық болса мынау, ал су жоқ. Сағаттап беруге мүлдем келіспеймін, судың ортасында отырып, жарымай отырғанымызды түсінуден қалдым. Бұрын азын-аулақ бақша салатынбыз, биыл ол мүмкіндіктен айрылып отырмыз. Бұл қашанға дейін жалғасады, - дейді зейнеткер Бекболат ХАЙРУЛЛИН

- 17 маусым күні кештен бастап Нұржау округіне қарасты Жамбыл, Бірлік округіндегі Бірлік, Амангелді ауылдарында су жүрмей қалды. Себебі, судың деңгейінің түсуіне байланысты жағадағы су сорғысы жасамай қалды. "ҚұрманғазыСуАрнасы" ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 19 маусым күні қалыпты деңгейде жұмыс жасайтын болады, - дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Шынболат МУСИН.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Тұрғындар жолдаған суреттер

21 маусым, 01:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.