Атырау, 8 қыркүйек 04:50
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Спорт жаңалықтары

844 просмотра

«Атырау» мүгедектер спорт клубының үстел теннисі секциясының оқушысы Әли Махулбеков 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды.

Спортшыны ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Гүлнәр Иманалиева дайындады, 2024 жылы Париждегі Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында 23 пән бойынша өтеді. Іріктеу турнирлері 15 шілдеге дейін жалғасады.

***

Оралда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған каратэден Aqzhayik Open халықаралық турнирі өтті.

Турнирге Атырау атынан отызға жуық жас спортшы қатысты. Біздің құрама 3 алтын, 7 күміс және 14 қола медаль жеңіп алды.

***

Грекияның Патры қаласында муай-тайдан әлем чемпионаты өтті. Тек кәсіпқойлар өнер көрсететін «А» категориясы бойынша Доссор ауылының тұрғыны Әбіл Ғалиев жеңімпаз атанды. Бұл облыс тарихындағы алғашқы жетістік. Әйелдер арасында Аида Хайруллина қола жүлдегер атанды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет: qazalem.kz

20 маусым, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.