Атырау, 24 қараша 04:17
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Су тасқыны: Тоқаев Атырау облысының екі тұрғынының үлесін атап өтті

1 044 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқан азаматтарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Атырау облысының екі тұрғынының үлесін атап өтті.

Мемлекет басшысы Кентау қаласында тұратын Гауһар Шаймерден есімді оқушы қыздың ата-анасына отаншыл ұрпақ өсіріп жатқаны үшін алғыс айтты. Ол өзі жинап жүрген қаржысын Құлсары қаласының тұрғындарына аударған. Сонымен қатар Атырау облысының тұрғындары – тоқсаннан асқан Орынша Тоқтыбаққызы мен Әлия Досмұханованың ерен еңбегін ерекше атап өтті. Бұдан бөлек, Президент көмек бергені үшін бауырлас мемлекеттерге, халықаралық компаниялар мен ұйымдарға ризашылығын білдірді.

– Нағыз достық қиындықта сыналады деп тектен-тек айтпайды. Кейбір шетелдік азаматтар зардап шеккен адамдарға жәрдемдесу үшін арнайы келді. Осы сәтті пайдаланып, қиын-қыстау шақта қолдау білдіргені үшін шетелдік серіктестерімізге және достарымызға шын жүректен ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін желіде сәуір айында Атырау облысындағы кейуананың видеосы тарап, жұртшылықты сүйсіндірген еді.

Мұнда Бейбарыс ауылындағы тыл еңбеккері Орынша Тоқтыбаққызы жергілікті мектеп қызметкерлері мен еріктілерге топырақ толтыру үшін қаптарын ашып көмектескені көрсетілген. 

57 жастағы Әлия ДОСМҰХАНОВА 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі бола тұра, еріктілер тобы жұмысына белсенді қатысты.  Жолдасы және үлкен ұлымен бірге өз еркімен еріктілердің мезгілінде тамақтануын ұйымдастырды.

«Мен күніге тамақ пісіріп, шатырды жинастырып отырдым. Жолдасым мен ұлым қаптарды топырақпен толтырды. Күндіз-түні жұмыс жасап, басқа тұрғындарға үлгі көрсетіп, жігер беруге тырыстық» - деген еді Әлия Досмұханова.

Суретте. Әлия Досмұханова (сол жақта, видеодан алынған кадр), Орынша Тоқтыбаққызы


19 маусым, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.