Атырау, 24 қараша 04:39
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚМГ бен NCOC Қашаған кен орнын игеру барысын талқылады

787 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов North Caspian Operating Company басқарушы директоры Джанкарло Руюмен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Тараптар қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жоғары стандарттарын сақтауға баса назар аудара отырып, Қашаған кен орнын игеру мәселесін талқылады. Кездесуде 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қашағанда 18,8 млн тонна өндірудің рекордтық көрсеткіштері кен орнының орасан зор әлеуетін растайтындығы атап өтілді.

А. Хасенов атап өткендей, NCOC акционері ретінде ҚМГ өңір тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған компанияның әлеуметтік жобаларына қолдау көрсететін болады.

19 маусым, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.