Атырау, 24 қараша 04:27
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мақат ауданының экс-әкіміне қатысты сот үкімі шықты

642 просмотра

Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат ИБРАГИМОВТЫҢ ісі бойынша үкім шықты. Бұрынғы шенеунік шартты жазамен құтылды.

Атырау қаласының No2 сотында ауданның бұрынғы әкімі И.Р.-ға қатысты кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы).

Сотпен анықталғаны

2023 жылғы 31 мамырда Атырау қаласында пәтерде И.Р. және оның әйелі У.А. арасында жанжал болған.

Жанжал кезінде И.Р., жәбірленушінің өзіне материалдық тәуелділігін пайдаланып, осы негізде жанжал шығарып, әйелі У.А-ны оң иығынан ұстап, есікті жауып, бөлмеге кіргізген.

Ешкімнің кедергі жасамайтынына көз жеткізіп, денсаулығына қасақана зиян келтіру мақсатында У.А.-ны еденге құлатқан және сол жақ санынан бірнеше рет тепкілеген, соның салдарынан жәбірленуші У.А.
5-ші омыртқасының сынуы түрінде, ығысусыз орташа ауырлықтағы зақым алған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Соттың шешімі

Қылмыс жасалған кезде қолданыста болған ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағының санкциясы 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары түріндегі жазаны сол мөлшерде, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Бұл қылмыс заң бойынша орташа ауырлық дәрежесіне жатқызылады.

Сотпен жаза түрін таңдау кезінде И.Р.-ның бұрын соттылығы жоқтығы, мінезі оң сипатталғаны ескерілді.

Сот үкімімен И.Р.-ға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Жәбірленушінің 20 млн теңге моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, И.Р. жәбірленуші У.А-ның пайдасына 2 млн теңге моральдық зиянды өтейтін болды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

19 маусым, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.